Меню KDT
logo1.jpg?_=1773834169

Телефон: +77172650870
W/p : +7 777 455 4247

ПМПК туралы

Мекеме туралы

Астана қаласы әкімдігінің «№7 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласында орналасқан.

Мекеме 2023 жылғы 24 тамызда тіркеліп, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап балаларды қабылдау және консультациялық қызмет көрсету жұмысын бастады.

Мекеменің негізгі қызметі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден өткізу, олардың даму ерекшеліктерін анықтау және тиісті білім беру бағытын ұсыну.

ПМПК мамандарының құрамына педагог-психолог, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог, сурдопедагог,тифлопедагог, әлеуметтік педагог , дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, офтольмолог, статист, тіркеуші  және басқа да салалық мамандар кіреді. Олар балалардың дамуын жан-жақты зерттеп, ата-аналарға және педагогтарға кәсіби ұсыныстар береді.

Мекеме білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, балалардың сапалы білім алуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған қызмет атқарады.

 

Мекеменің мақсаты:

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды анықтау және оларға сапалы психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсету.

 

Негізгі міндеттері:

– балалардың даму ерекшеліктерін кешенді диагностикалау;

– ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау;

– балаларға ұсынылатын білім беру бағытын белгілеу;

– ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру;

– түзету-дамыту жұмыстары бойынша ұсынымдар беру;

– білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастықта жұмыс жүргізу.

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталы birge.astana.kz

ПМПК басшысы