Меню KDT
logo1.jpg?_=1773834169

Телефон: +77172650870
W/p : +7 777 455 4247

🌐 «Құндылық. Тұлға. Болашақ» халықаралық педагогикалық форумы


2025 жылдың 9–10 желтоқсанында Астана қаласында өткен халықаралық педагогикалық форумға біздің ПМПК қызметкерлері қатысып қайтты.

Форум барысында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, құндылыққа бағытталған білім беруді дамыту, пәнаралық дағдыларды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Халықаралық сарапшылардың тәжірибесі ұсынылып, педагогтер арасында тиімді әдістемелік алмасу өтті.

Q-TALKS спикерлері, инновациялық көрме, шеберлік сабақтары мен панельдік сессиялар – барлығы кәсіби өсуге жаңа серпін берді.

Біздің мамандар алған білімдері мен тәжірибесін күнделікті жұмыс барысында қолданып, балаларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағыттайды.

#ҚұндылықТұлғаБолашақ #ХалықаралықФорум #ПМПК #БілімИнновация #АдалАзамат #ПедагогикалықФорум #ӘдістемелікОрталық #АстанаБілімі #QTalks #ИнновациялықБілім #ТәрбиеБағдарламасы #ПәнАралықДағды


Пікір жоқ
6 қаралды
Авторы: dias.kudaibergen
Қосылды: 18.03.2026 в 18:12

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталы birge.astana.kz

ПМПК басшысы